10:31 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Бейне

Күдікті террористтің ата-анасы Санкт-Петербургке барды

Қысқа сілтеме алу
241 0 0
© Ruptly.

Тілшілер метродағы терактіге қатысы бар күдікті Акбаржон Джалиловтың ата-анасын Санкт-Петербург әуежайында қарсы алды

Ерлі-зайыптылар тілшілердің сұрағына жауап берген жоқ, анасы ұлының кінәлі екеніне сенбейтіндігін ғана айтты.

Тергеу барысында теракт жасады деген күдікке ілінген 22 жастағы Акбаржон Джалилов Қырғызстан елінің тумасы, жақында Ресей азаматтығын алған.

Санкт-Петербург метросында "Сенная площадь"және "Технологический университет" станцияларының арасында 3 сәуір күні жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 14 адам қаза тауып, 51 адам ауруханаға жатқызылған. Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы — 21 жастағы студент Максим Арышев бар.

Басты тақырыптар