Видео

Ургант өз шоуында қазақ тілінің латынға көшуін әзілге қосты

Жазылу
Белгілі ресейлік тележүргізуші және шоумен Иван Ургант өзінің "Вечерний Ургант" бағдарламасында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін әзілге қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазір елімізде қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бұл жаңалықты ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары да жариялап, әлеуметтік желілерде көрші елдің азаматтары да жарыса жазып жатыр. Көпшілігі бұл жаңалықты күйінішпен қабылдаған секілді.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың аяғына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді ұсынып, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды. Ал 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Осылайша алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.

Жаңалықтар
0