Видео

Димаш Құдайберген: қазақ халқына мың тағзым, Елбасыға шексіз алғыс

Жазылу
Астанада орталық концерт залында Димаш Құдайбергеннің құрметіне өткен "Әлем таныған Димаш" кешінде әнші үлкен сахнаның төріне шығарған қазақ халқына мың тағзым айтып, еліміздің жастарына әлемге танылуға мүмкіндік жасап отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевақа зор алғысын жеткізді.

Шараға жиналған 3 мыңнан астам халық Димаш Құдайбергенді кеш бойы қолдап, қошеметтеп отырды. Бірінші болып сөз алған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың ата-әжесіне шапан жауып, зор құрмет көрсетті. Кеште Димаштың ата-анасы – белгілі әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевтар да елдің ықыласына бөленіп, ұлы Димашпен бірге «Асыл анашым» әнін орындады. 

Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Вице-министр: Димаш бір күнде жарқ еткен, елімізде мойындалмаған әнші емес

Сонымен бірге Бибігүл Төлегенова мен Асанәлі Әшімов видео арқылы Димашқа бата берсе, ұстаздары да игі тілектерін жеткізді. Өз кезегінде Димаш өзін қолдап отырған барлық адамдарға, жанкүйерлеріне шексіз алғысын айтты. 

"Барша әлемге, барша тыңдармандарыма, қазіргі өнерімнің танылуыма ерекше септігін тигізген, мені үлкен сахнаның төріне шығарған, Димаш Құдайберген еткен қазақ халқыма мың да бір тағзым етемін", — деді әнші. 

Димаш еліміздің жастарына әлемге танылуға мүмкіндік жасап отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа да алғыс білдірді. 

Димаш Кудайбергенов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Құдайберген: менің әлі айтарым бар

"Бiздiң қазiргi таңда емiн-еркiн, қалаған халықаралық байқауда бой көрсетуге ықпал етiп, жағдай жасаған, шет мемлекетке шыққанда басымызды тiк көтерiп, Қазақстан деген елденмiн деп мақтанып айтуға үлкен септiгiн тигiзген, заманауи Қазақстанның негiзiн қалаған Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевқа үлкен алғыс айтамын", — дедi Димаш. 

Кеш бойы ерекше тебіреністе болған Димаш "Туған жер", "Дайдидау" әндерін шырқап, жуырда ғана шыққан "Махаббат бер маған" жаңа туындысымен кеш шымылдығын жапты. 

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген "Singer-2017" байқауы барысында Қытайда аса танымал болды. Үш айға созылған ән додасында Димаш 14 кезеңді сәтті бағындырып, екінші орын алды. Байқау барысында ол бірнеше марапатқа ие болды. "17th Top China Music Awards" шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесін иеленді. Сондай-ақ Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жеткен болатын.


Жаңалықтар
0