16:59 24 Қараша 2017
Тікелей эфир
Бейне

Димаш Құдайбергеннің Францияда шырқаған әнінің видеосы шықты

Қысқа сілтеме алу
10768563
© Foto: Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасынан

Қазақтың жас дарынды әншісі Димаш Құдайбергеннің Францияның орталық телеарнасында ән шырқаған сәті жарияланды.

Бұдан бұрын Димаш Францияның "France 2" орталық телеарнасындағы Еуропаның ең танымал бағдарламасы "Les années bonheur" кабаре шоуының құрметті қонағы болатынын хабарлаған еді.

Шоуда жас әнші талғампаз француз жұртшылығын әсем даусымен тәнті етті. Француздар орындарынын тұрып, қол соғып, Димашқа ерекше қошемет көрсетті.

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген "Singer-2017" байқауы барысында Қытайда аса танымал болды. Үш айға созылған ән додасында Димаш 14 кезеңді сәтті бағындырып, екінші орын алды. Байқау барысында ол бірнеше марапатқа ие болды. "17th Top China Music Awards" шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесін иеленді. Сондай-ақ Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің алғашқы шоу концерті 27 маусым күні сағат 19.00-де "Астана-Арена" стадионында өтеді. Оған Лара Фабиан секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыз, сондай-ақ басқа да бірқатар белгілі әншінің қатысуы жоспарланып отыр.

Басты тақырыптар