Видео

Димаштың концертінде қытайлық фанаттар ерекше белсенді болды

Жазылу
Димаш Құдайберген алғашқы жеке концертінде лық толы стадион жинады. "Астана Арена" сахнасында ән шырқаған әншінің өнерін тамашалауға 30 мыңға жуық адам жиналды.

Димаштың концертіне АҚШ, Қытай, Франция, Германия, Канада, ТМД елдерінен әншінің тыңдармандары арнайы келді. Кеште, әсіресе, Қытайдан көп келген фанаттар ерекше белсенді болды.

Димаш Құдайбергеновтың Астанадағы концерті - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Димаш Астанада өткен алғашқы жеке концертінде лық толы стадион жинады

Димаш Құдайберген Қытайда өткен "I am singer" байқауында үлкен танымалдылыққа ие болған болатын. Конкурстан кейін де Димаш аспан асты елінде түрлі концерттерде өнер көрсетіп жүр. 

Кешегі концертте әнші қытайлық тыңдармандарын қытай тілінде бірнеше ән шырқап қуантты. Сондай-ақ, Димаш Қытайдағы байқауда достасып кеткен тайваньдық әнші Терри Линді концертіне қонақ ретінде шақырған. 

Кеш бойы қытайлық фанаттар "Димаши" деп айғайлап, әншіге қодау көрсетіп отырды.

Жаңалықтар
0