Видео

Шымкентте қызып тұрған асфальтқа жұмыртқа қуырды

Жазылу
Шымкент тұрғыны қызып тұрған асфальтқа жұмыртқа қуырды. Эксперимент авторы Шымкентте сол күні 50 градустық ыстық болғанын айтады

Эксперимент видеосы Youtube видеохостингінде жарияланды. Ер адам екі  жұмыртқа алып шығып, алдын ала май құйылған табаға жарып салады. Видеода айдың қызып тұрғаны көрініп тұр. 

"Міне жұмыртқа қуырылып жатыр. Газды үнемдеуге болады", — деп әзілдейді эксперимент авторы. 

Видеода 8 шілде көрсетілген. 

Қазгидромет мәліметтеріне сәйкес, жексенбі, 9 шілдеде Шымкентте температура 42 градусқа жетеді. Синоптиктер дүйсенбі күні ыстықтың түсетінін болжайды. 


Жаңалықтар
0