Видео

Уимблдон кезінде көрермен кортқа шығып, теннисті қалай ойнау керектігін көрсетті

Жазылу
Уимблдон турнирінде ерекше оқиға орын алды. Бельгия теннисшісі Ким Клейстер көңілі толмай отырған көрерменді кортқа шақырып, допты ойынға қосуды сұрады. Кортқа шыққан ер адамға тіпті ақ белдемше кигізіп қойған.

Алайда теннис белдемшесі де, кәсіби теннисшілер де көрерменді жасытқан жоқ. Ол шын ықыласымен ұсынған киімді киіп, бельгиялық теннисшімен жұптасып ойын көрсетті. 

Өзге көрермендер ду қол шапалақ соғып, мәз болып қалды.


Жаңалықтар
0