Видео

Қазақстанға Димаш үшін келген американдық әйел қазақ тілін үйренбек

Жазылу
Лос-Анджелес тұрғыны Патрис Груллион өзінің кумирі Димаш Құдайбергеннің отанына келіп, үш айдың ішінде қазақ тілін үйреніп алуды көздейді

Американдықтың сөзіне қарағанда, Димаш әрдайым, өнер көрсетіп болған соң: "Қазақстанға қош келдіңіз!" дейді. Соның арқасында онда осы елге келу қызығушылығы туындаған. 

Ол Қазақстанда үш ай болып, осы арада елдің мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысып, қалақ тілі үйренуді жоспарлап отыр. 

Қазіргі уақытта Патрис Груллион Димаш оқыған университетте және "ЭКСПО" көрмесіне барып үлгерді. Енді Алматыға оның концертіне және сүйікті әншісі туып өскен қаласы Ақтөбеге баруды жоспарла отыр. 


Жаңалықтар
0