21:04 17 Қаңтар 2018
Тікелей эфир
Бейне

Желіде төреші мен бапкер арасындағы төбелестің видеосы пайда болды

Қысқа сілтеме алу
109 0 0
© Facebook / Rakhim Oshakbayev

Жеңіліске ұшырағанына ашуланған бокшсы мен оның бапкері ызасын төрешіден алмақ болған: Қазақстанның бокс федерациясы кубогының ширек финалынан соң Рахат және Ерік Маржықбаевтар төрешіге бірнеше рет қатты соққы жасаған

Видеоны Желіде қоғам белсендісі әрі тәуелсіз экономист Рахым Ошақбаев жариялаған.

"Қазақстан бокс федерация кубогы кезіндегі қызық видео. Астаналық бапкер төреші шешіміне келіспей, шәкіртімен бірге рефериді сабамақ болған сияқты. Олар боктсың джентльмендер спорты екенін ұмытып кеткен ғой"- деп жазды Ошақбаев.

Бұл оқиғадан кейін бапкер мен спортшы дисквалификацияланады, оның мерзімін атқару комиетті бюросы мен бапкерлер кеңесі шешеді. 

Реферидің сөзіне жүгінсек, ол бапкердің наразылығын түсінеді, дегенмен бұл әрекеті үшін жазалануы тиіс деп санайды.

Басты тақырыптар