22:53 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Видео

Қостанай көшесінде ұшақ қайдан пайда болған?

Қысқа сілтеме алу
10710
аккаунт alau.kz на Youtube

Қостанай тұрғындары көшеде Як-40 ұшағын сүйретіп бара жатқан көлікті көрді. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, ұшақтың қайдан келгені туралы болжамдар жасады

Ұшақ туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне ҚР инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметі айтып берді.

"Біздің мәліметімізше, бұл "Ақ-Сұңқар" әуе компаниясының ұшпайтын ұшағы", — деді агенттікке сұхбат беруші телефон арқылы.

Әуе компания президенті Владимир Досмағамбетовтың alau.kz жергілікті сайтына берген мәліметі бойынша, бұл ұшақтың ұшу мерзімі 44 жыл екен. Оны жөндеу тиімсіз әрі тым қымбат, дейді компания президенті. Ұшақ кезінде талай белді тұлғаларды тасымалдапты – Қостанай облысының бұрынғы әкімі Сергей Кулагин де бұрын осы ұшақпен ұшқан екен.


Загрузка...

Басты тақырып