Видео

LIVE: Владимир түбіндегі автобус пен пойыздың соқтығысқан орны

Жазылу
Владимир облысы Покров түбінде Қазақстаннан шыққан автобустың пойызбен соқтығысқан орнынан тікелей трансляция

Бұған дейін хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстаннан шыққан автобус Өзбекстан азаматтарын Ресейге апара жатқан. 6 қазан жұма күні түнде Владимир облысында автобус жол кептілісін айналып өтпек болып, теміржолдың қызыл белгісіне шығып кетеді де, жол үстінде сөніп қалады.

Автобустың ішінде 50 адам, олардың арасында балалар да болған. Жүргізуші өздеріне қарай қозғалып келе жатқан пойызды көрген кезде, айғайлап жібереді. 34 жолаушы сыртқы шығып, автобусты итере бастайды, алайда пойыз тоқтап үлгермейді. Соққыдан автобус жарылып кетеді. Соңғы мәліметтер бойынша, автобус ішіндегі 16 адам, оның ішінде бір бала қайтыс болған. Сыртқы жүгіріп шыққандар аман қалған.

 


Жаңалықтар
0