Видео

Ауыл шаруашылығы министрлігі басқарма басшысы 4,3 миллион теңге парамен ұсталды

Жазылу
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурсы комитетінің экономика, бюджетті жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы Марат Мырзатаевты Антимонополия қызметінің елордалық департаменті 4,3 миллион теңге пара алу үстінде ұсталды

Астана қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті хабарлауынша, күдікті жеңімпаз атандырып, келісім бойынша тезірек ақша төлегені үшін мемлекеттік сатып алу қатысушыларынан жүйелі түрде пара алып отырған.

Ақшалар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада он бір полиция қызметкері пара алғаны үшін сотталды

Бұдан бөлек, 9 қазанда Мырзатаев мердігерлік ұйымның мүддесі үшін ҚР қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас маманы Ернар Медеубековке тендер нәтижесін болдырмай тастағаны үшін 1 миллион теңге пара берген.

Мырзатаев пен Медеубеков сол күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0