07:29 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Бейне

Атамбаев Қазақстан шекарасында болған жағдайға қатысты пікір білдірді

Қысқа сілтеме алу
159722
Пресс-служба президента Кыргызстана

Әскерилердің алдында сөз сөйлеген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайды "Еуразиялық экономикалық одақтың барлық нормалары мен келісімдері бұзылып жатқан шектен шыққан жағдай" деп атады.

"Біздің халық көп қиындықты басынан кешірді. Үш мыңжылдық тарихы бар халықты ешқашан үш күндік блокада қорқыта алмайды, ешқандай қысым, ақша, қорқыту әрекеттерінің салдарынан шетелдің қалаған адамдарын сайламайды…. Егер кімдек-кім өз көршісінің үйін өртегісі келсе, желдің бағыты өзгеріп, өз үйін де өрт шалуы мүмкін екенін есте сақтау керек. Біз сияқты көршілес елдерге бейбіт қарым-қатынаста, достықта өмір сүріп, бір-бірімізге көмектесу қажет. Қазақстанда болған аштық кезінде жүз мыңдаған қазақ соңғы нанымен бөліскен біздің халқымыздың арқасында тірі қалды",  —деді Атамбаев салтанатты жиын кезінде.

 

 

Басты тақырыптар