10:36 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Бейне

Пәкістанда басын 180 градусқа бұра алатын бала табылды

Қысқа сілтеме алу
176 0 0
© Foto: Caters Clips

Пәкістанда Карачи қаласында тұратын Мұхаммед Самир басын 180 градусқа дейін бұрай алады, деп жазады Daily Pakistan.

14 жасар баланың айтуына қарағанда, бұл туа біткен кемістік емес, табанды жаттығулардың нәтижесі. Ол алты жасында голливудтық фильмдердің бірінде басын осылай бұрай алатын актерге тәнті болған. Осыдан кейін ол тұрақты түрде жаттығып, бірнеше айдан кейін өз мақсатына жеткен. 

Анасы әуелде Самирге ондай жаттығулар жасауға тыйым салмақ болады. "Бірақ уақыт өте келе анам мұның Алланың құдіреті екенін түсінді", — дейді жасөспірім. 

Самир әкесі ауырып қалған соң мектепке баруды қойып, отбасына көмектесу үшін қазір Dangerous Boys би тобында өнер көрсетіп жүр. 

 

 

Басты тақырыптар