05:49 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Бейне

Сағынтаев пен Мұхамедиұлы үкімет отырысында не деп әзілдесті?

Қысқа сілтеме алу
311 0 0
Facebook / официальный сайт премьер-министра РК

Бүгін үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық спортшылардың 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы баяндама жасады.

 Министр баяндап болғаннан кейін үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев "Медаль бойынша болжам қандай?" деп сұрады. 

"Сіздің "табысты болуға мәжбүрміз" деген сөзіңіз бар еді ғой, сондықтан жетістікке жетеміз деген ойдамыз", — деді Мұхамедиұлы. 

"Жақсы, онда сізге біздің спортшылардың соңғы дайындығын сапалы өткізу тапсырылады. Cізде басқа амал жоқ – жеңуге мәжбүрсіздер", — деп әзілдеді премьер-министр. 

Қысқы олимпиада ойындары 2018 жылы 9-25 ақпанда Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. Қазақстандық спортшылар әлем додасында 9 спорт түрінен бақ сынайды. 


Басты тақырыптар