06:03 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Бейне

"Қазақстанды өте жақсы көремін" - қазақшаға судай америкалық қыздың әңгімесі

Қысқа сілтеме алу
10810
© YouTube / Abby Qazaqs'a

Желіде америкалық қыздың емін-еркін қазақ тілінде әңгіме айтып отырған видеосы тарады.

Видеода Эбби Хомер өзін қазақ тілінде таныстырады. Есімін қазақшалап Әби дейді. Айтуынша елімізде екі рет болған. Қазір қазақ тілі бойынша курста оқиды екен. Ол Қазақстанды өте жақсы көретінін айта келе, таяуда қазақстандықтарға арналған ағылшын тіліндегі семинарға қатысатынын жеткізеді. 

"Басқа адамдардың алдында шетел тілінде сөйлеу үшін батылдық керек. Ағылшынша әңгіме айтатын қазақстандықтарды құрметтеймін. Сондықтан қазір мен қазақша әңгіме айтып отырмын", — деген қыз әрі қарай өзі туралы қазақтың бай тілінде суреттеп айтып береді.   


Басты тақырыптар