Видео

Астанада жартылай жалаңаш жанжалқой бірнеше көлікті қиратты

Жазылу
Жартылай жалаңаш ер адам Иманов көшесі бойында тұрақта тұрған көліктерді жұдырығымен тоқпақтап қиратқан. Жиырма тоғыз жастағы елордалықтың видеосын оқиға куәгерлері әлеуметтік желіге салыпты

Полиция хабарлағандай, оқиға 17 қараша күні 22.30 –да Иманова көшесіндегі аулада болған. Ер адам полицияға апарылған.

"Аталған дерек бойынша бұзақылық бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — деп хабарлады Астананың ішкі істер департаменті.

Келтірілген шығын сомасы тексерілуде.

Жаңалықтар
0