Видео

Новосібірде "Барыс" пен "Сибирь" қорғаушылары төбелесіп қалды

Жазылу
"Барыс" пен "Сибирь" қорғаушылары Даррен Диц пен Андрей Ермаков қазақстандық команда қақпасы алдында төбелескен

Төбелес үшінші периодтың сегізінші минутында Хенрик Карлссонның қақпасына жасалған қауіпті шабуыл кезінде шыққан. Ол кезде есеп 3:0,  ресейліктер алда болатын.

Матч Барыс - Локомотив - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Барыстың" Солтүстік Америкадан келген ойыншыларына Корешковтың көңілі толмайды

Ермаковтың әрекеті Дицке жақпай қалып, қазақстандық қарсыласын итеріп жіберген. "Сібірлік" те қарап тұрмай, ақыры соңы жанжалға ұласады.

Мінез көрсеткендері үшін екі ойыншыда бес минутқа айдыннан қуылды.

Новосібірдегі жарыс 4:0 есебімен айдын иелерінің пайдасына шешілді. Бұл кездесуден соң "Барыс" ҚХЛ Шығыс конференциясында төртінші орынға сырғыды.

Командалар 22 қарашада Новосібірде қайта кездеседі.

Жаңалықтар
0