Видео

22 жастағы бойжеткен 6 тәулік бойы тоқтамастан билеп, әлемдік рекорд орнатты

Жазылу
Нигериялық биші 137 сағат бойы тоқтамастан билеп, Гиннестің рекордтар кітабына кірді

22 жастағы кәсіби биші Одумеву Дебби 137 сағат бойы тоқтамастан билеп, би ұзақтығы бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты. 

"Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды айтамын! Бұл мен үшін өте маңызды! Сіздерді жақсы көремін!" — деп жазды бойжеткен инстаграмдағы парақшасында. 

Бишілер арасында нигериялық қыз Пинки Дебби лақап атымен танымал. Бойжеткен 6 жасынан бастап бимен айналысады. Әуелде ол 150 сағат бойы билеуді жоспарлаған, алайда әлемдік рекорд орнатуға 137 сағат та жетті. Инстаграмда әлемдегі ең ұзақ бидің тікелей трансляциясы ұйымдастырылды, кейін желіде қысқа видеороликтер жариялана бастады. 

Мұның алдындағы рекорд 123 сағат 15 минутты құраған еді. Оны 2010 жылы 20-26 қыркүйек аралығында тоқтаусыз билеген үнді қызы орнатты.

Жаңалықтар
0