Видео

Америкалық әуе күштері Сан-Диего үстінен ұшып бара жатқан беймәлім нысанды байқады

Жазылу
Пентагон америкалық әскерилердің беймәлім ұшатын нысанды бақылаған видеосын жариялады

The Independent басылымы хабарлағандай, видео 2004 жылы түсірілгенімен, халық назарына енді ғана ұсынылып отыр.

Бейнежазбада жерден 24 шақырым биіктікте қалықтаған беймәлім нысан анық көрінеді.

Ғарыш - Sputnik Қазақстан
Ғарышкер Арал теңізін ғарыштан суретке түсіріп алды

Командир Дэвид Фрэвор мен капитан-лейтенант Джим Слейт жаттығу миссиясында жүргенде, осы бір ұшатын нысанды құрықтауға бұйрық берілген.

Фрэвор нысанның жылдамдығын көріп таңғалыпты.

"Оның жылдамдығы біздің кез келген ұшақтыкінен асып түседі", — депті командир, Sputnik International жазуынша.

Әскери қызметкер атап өткендей, ұшатын нысанның жылдамдығы тым жоғары болғандықтан, ұшақ радарын істен шығарған.

Жаңалықтар
0