12:08 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Бейне

Алматы барының директоры даулы конкурс үшін халықтан кешірім сұрады

Қысқа сілтеме алу
73410
Youtube

Youtube-те жарияланған видеода өзін Zakova Bar-дың атқарушы директорымен деп таныстырған адам қоғамда дау тудырған оқиға үшін Қзақстан халқынан кешірім сұрады.

"Бұл жағдай қайталанбауы үшін біздің барда шара қабылданғанын бірден айтып өтейін. Аталған іс-шараны өткізуге қатысы бар адамдардың барлығы жұмыстан шығарылды. Айжан Байзақовамен тәрбиелік сипатта әңгіме жүргізілді", — деді атқарушы директор.  

Сондай-ақ мекеме әкімшілігі айыппұл салу түрінде жауапкершілікке тартылған.  

Бар өкілі мұндай оқиға енді қайталанбайтынын айтып, қаладағы барлық көңіл көтеру орнына өздерінің қателігін қайталамауды ескертті.  

Аталған клубта 17 желтоқсан күні Айжан Байзақова қыздар арасында шешінуден конкурс өткізген болатын. Кеше Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Instagram жұлдызы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін үш күнге қамауға алынғанын хабарлады.

"2017 жылдың 17 желтоқсанында А.С. Байзақова түнгі клубта қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған және өзге тұлғалардың мазасын алған", — делінген сот қаулысында.

Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы беретін болған. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.


Загрузка...

Басты тақырыптар