Видео

Қыстың сәні – сырғанақ: елордалықтар демалыс күндерін қалай өткізеді?

Жазылу
ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында елдің басты шыршасы орналасқан. Төңірегінде елордадағы ең үлкен қар қалашығы тұрғызылды. Sputnik Қазақстан тілшілері қалашыққа барып, Астана тұрғындары мен қонақтарының ойын-қызықтарын көріп қайтты

Үлкендер үшін мұнда екі үлкен сырғанақ салынған, биіктігі 5 метр, ал ұзындығы 40 метр. Тағы екеуі балаларға арналыпты – биіктігі 2,5 метр және ұзындығы 14 метр.

Қалашықта Хрусталь сарайы мен Эйфель мұнарасы бар. Неше түрлі танымал кейіпкерлерді де кездестіресіз: Өрмекші адам, миньондар мен алып Халк. 


Жаңалықтар
0