Видео

Назарбаевты Вашингтонда қалай қарсы алды? Әуежайдан видео жарияланды

Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтон қаласына келді. Ақорданың баспасөз қызметі әуежайдан видео жариялады

Видеодан байқағанымыздай, Нұрсұлтан Назарбаевтың жанында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов жүр. Ал мемлекет басшысын қарсы алушылардың ішінде Америка Құрама Штаттарының біздің елдегі елшісі Джордж Крол бар.

Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Жаңалықтар
0