Видео

Индонезияда екі аяқты бұзау адам сияқты жүруді үйренді – видео

Жазылу
Желіде артқы екі аяғымен адам сияқты жүруді үйренген бұзау жайлы таңғаларлық видео тарады.

The Daily Mail басылымының хабарлауынша, алдыңғы аяқтары жетілмей қалған жануар Индонезиядағы ауылдардың бірінде өмір сүреді.  

Роликте бұзау тепе-теңдікті әрең сақтап, артқы аяқтарымен ептеп жүріп келе жатқаны көрінеді. Жануардың құлап қалмауын ер адам бақылап тұр.  

Бойы адамның иығынан келетін бұзау әлеуметтік желі қолданушыларының таңданысын туғызды.   

Әлемде мұндай ауытқушылығы бар жануарлар жиі кездеседі. Бұдан бұрын Пәкістандағы фермалардың бірінде екі басты, ал Үндістанда түрі адамға ұқсайтын бұзау туған болатын.      


Жаңалықтар
0