Видео

Жас жігіт Кемероводағы өрттен 3 баланы қалай құтқарғанын айтты

Жазылу
17 жастағы Дима Полухин Кемероводағы ТЖМ кадет корпусында оқиды, сол қаралы күні "Зимняя Вишня" сауда орталығының кинотеатрында болған

Оның айтуынша, өрт шыққанда кинозалға қызметкер жүгіріп келіп, "далаға шығыңдар" деген. Үшінші қабатқа түскенде, әйел адамның айғайын естіпті: "Мен ешқайда бармаймын, балаларым анда қалып қойды".

"Кейін балалардың үнін естідім. Сол жаққа беттегенімде, дүкендердің бірінде бұрышта тығылып, жылап отырған үш баланы көрдім. Қараңғыда қолымды созып, біреуінің қолынан ұстадым. 11 жастағы ер бала екен. Тағы екі қызды жағаларынан ұстап, шығар есікке қарай сүйредім", — дейді бозбала. 

Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда және ойын сауық орталығында 25 наурыз күні кешке басталған өрт 60-тан астам адамның өмірін қиды. Өрт балалар ойын залы мен кинозалдар орналасқан жоғарғы қабаттан бастап тараған. Адамдар ғимараттан шыға алмай, түтінге тұншығып қалған.


Жаңалықтар
0