Видео

Қазақстандық бронды машина - Арлан

Жазылу
Top Gear халықаралық журналы "Арлан" қазақстандық бронды машинасын "әлемдегі ең ұтқыр көлік" деп атады

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов депутаттарға "Арлан" бронды машинасы туралы айтты. Әскери көлікті Kazakhstan Paramount Engineering компаниясы шығарады.

Көлік сағатына 100 километр жылдамдықпен жүре алады, баллистикалық шабуылдан сақтап, минаға төтеп беру үшін екі рет құрышпен қапталған. 

"Арлан" жарықшақтарға төзімді әрі жарылыс күшін бейтараптандырады. Бронды машинамен –50°C аязда да, +50° аптапта да жүруге болады. Әрі биологиялық және химиялық қаруға қарсы қорғаныс жүйесі орнатылған.

Жаңалықтар
0