Видео

Үлкен Алматы өзені екі рет түсін өзгертті

Жазылу
Қып-қызыл түске боялған Үлкен Алматы өзені табиғи түсіне қайта енді: бактериологтар судың сынамасын алып, химиялық құрамы жайында мағлұмат бермек

"Кеше 19:30 кезінде Төтенше жағдайлар желісі бойынша осы ақпаратты алдық. Бүгін таңертеңнен бері бүкіл Алматы өзені тексеріліп жатыр – боялған жерлер жоқ. Кешке дейін бастапқы санитарлық-химиялық құрамы белгілі болады, үш күн ішінде судың бактериологиялық құрамын анықтаймыз", — деп хабарлады Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Айзат Молдағасимова.

Молдағасимованың сөзіне сүйенсек, қазір департамент қызметкерлерінде бір ғана видеоматериал бар – жақында әлеуметтік желіде жарияланған видео. Роликті кім таратқаны анықталды, мамандар онымен видео түсірілген жерде кездесіп, қосымша су сынамасын алады.

Жаңалықтар
0