07:12 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Associated Press

Малиядан келген заңсыз мигрант Мамуду Гассама интернет қаһарманына айналды. Қызымен қыдырып жүрген 22 жастағы жігіт бесінші қабаттағы балконнан салбырап тұрған баланы көреді

Гассама бірден жоғары көтеріліп, баланы құтқарып қалды. Оқиғаны видеоға түсірген тұрғындар, интернетте жариялап, жұрт мигрантқа Франция азаматтығын беруді сұрап жатыр.

Мамуду Гассама кейін ел басшысы Эммануэль Макронмен кездесіп, президент азаматтық беру процесін жылдамдатуға уәде берді. Бұдан бөлек, ер адамды Париждің құтқару қызметіне жұмысқа шақырған. Ал қараусыз қалған баланың әкесі ата-ана парызын орындамағаны үшін қамауға  алынды.

Кілт сөздер:
құтқару, бала, Франция
Загрузка...

Басты тақырып