04:12 14 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD374.20
  • EUR420.34
  • RUB5.52
Бейне

Менингитке қарсы екпені кімге салуға болмайды?

Қысқа сілтеме алу
300 0 0
© Sputnik . Айгюзель Кадир, Болат Шайхинов

Астанадағы Open clinic медициналық орталығына бірнеше күннен бері қоңыраулар үздіксіз түсіп жатыр: адамдар менингитке қарсы екпе туралы толығырақ біліп, қабылдауға жазылуда. Sputnik тілшілері екпе салу науқанының қалай жүріп жатқанын көріп қайтты

Медициналық орталықта менингитке қарсы америкалық екпе Nimenrix бар.

"Бастапқыда қажылыққа баратын адамдар үшін екпені алдыртатынбыз. Кейін менингит дертінің таралуына байланысты балалар мен ересектерге екпе салуға рұқсат алдық. Отбасымен бәрі келіп жатты. Қазір тек алдын ала жазылу бойынша қабылдаймыз. Мысалы, бала мұнда 40-45 минут немесе бір сағаттай болады. Әуелі оны бала дәрігері қарайды. Кейін дені сау, созылмалы ауруы жоқ болса, амбулаториялық картасына белгі қойылып, баланы екпе кабинетіне жібереді", — дейді медициналық орталық директоры Наталья Шевченко Sputnik агенттігіне.

Науқастың жасы бойынша шектеулер

Наталья Шевченконың сөзіне сүйенсек, балаларға 6 және 12 апталық жастан бастап екпе салуға болады.

"Бізге бір жастан бастап екпе салуға рұқсат берді", — дейді директор.

Екпеге немесе оның құрамындағы заттарға аллергиясы болса, екпені салуға болмайды. Сонымен бірге, аяғы ауыр әйелдерге де салғызуға болмайды.

"Ыстығы көтеріліп тұрған және созылмалы ауруы асқынған науқастарға екпені кейінге қалдыруға кеңес береміз", — деп атап өтті Шевченко.

Оның айтуынша, антиденелер екпеден кейін 20-21-ші күнде пайда болады.

Менингитке қарсы екпенің бағасы 28 мың теңге. Зейнеткерлерге 10 пайыз жеңілдік жасалады.

Кілт сөздер:
екпе, менингит індеті
Загрузка...

Басты тақырыптар