11:16 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88

"Көшпенділер әлемі" халықаралық фестиваліне қатысушы елдердің делегациясы Қазақстан елордасына келе бастады

Таңертең Астанаға алғашқылардың бірі болып Башқұртстан өкілдері ұшып келді, айта кететіні,  "Любизар" 1-ші башқұрт атты полкінің "Әскери-тарихи клуб" қоғамдық ұйымының командасы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына кірген бойда өнерімен таңғалдыра бастады.  

Әуе айлағының күту залында ежелгі түрік музыкасы ойнап, команда мүшесі Раис Низаметдинов кездейсоқ көрермендердің көз алдында би биледі.   

30 маусым мен 1 шілде аралығында Астанадағы "Этноаул" ұлттық-мәдени кешенінің жанындағы алаңда Халықаралық көшпенділер мәдениетінің фестивалі өтеді. Ежелгі түріктер мәдениетінің фестивалінде Венгрия, Болгария, Түркия, Башқұртстан, Қырғызстан командалары өнер көрсетеді. Сондай-ақ іс-шара қонақтары үшін ауқымды әрі қызықты ойын-сауық бағдарламасы әзірленді.    


Загрузка...

Басты тақырып