Видео

Бұқтырма су қоймасында жойқын өрт шықты - видео

Жазылу
Сенбі 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында 45 гектар жерде қураған шөп өртенді. Бұқтырма су қоймасында болған оқиға куәгері өртті видеоға түсіріп алыпты

Қураған шөп кешкі сағат алтыдан кейін тұтанып, өртене бастаған, өрт 5 тамыз күні таңғы 03:46-да бір-ақ сөндірілді.

"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, елді мекендерге де ешқандай қауіп төнбейді", — деп мәлімет берді Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет Sputnik агенттігіне.

Өртті сөндіруге 10 адам мен 22 техника қатысқан.

Қытайда өрт кезінде анасы 2 баласын 5-қабаттан тастап жіберді — видео

Түркістан облысында дәмхана өртенді — видео

Жаңалықтар
0