Видео

Ит өзін жеп қоя жаздаған қабыланды құтқарды - видео

Жазылу
Үндістанның Карнатака қаласында таңғажайып құтқару оқиғасы болды

Шабуыл жасаймын деп сәтсіздікке ұшыраған қабыланды жергілікті тұрғындардың бірі видеоға түсіріпті. Таңертең ерте иттің үргенінен шошып оянған адамдар терең құдықтағы қызықты жайтқа куә болды.

Үндістанның Индаур қаласына жабайы леопард кіріп, адамдарға шабуыл жасады - Sputnik Қазақстан
Видео
Леопард көшеде адамдарға шабуыл жасады - видео

Қабылан итті бас салып, ізін суытпақ болғанымен, шабуылы сәтті аяқталмаған.

Олжасын азуына басып қашып бара жатқан ол терең құдыққа түсіп кетеді. Тар қапаста қалып қойған жыртқыштың қорегіне қарауға да мұршасы келмепті. 

Қатты үрген иттің үнін адамдар естіп көмекке келген. Итті себетке салып арқанмен тартып шығарып алса, леопардты шығару үшін мамандардың көмегіне жүгініпті.

Қабыланның күшігін көріп пе едіңіз — видео

Жаңалықтар
0