Видео

Теңіз жағалауынан сабалақ жүнді "құбыжық" табылды - видео

Жазылу
Камчатка түбегінде жергілікті тұрғын теңіз жағалауынан сабалақ жүнді, құйрығы ұзын тіршілік иесінің денесін тапты

Жұмбақ құбыжықтың суреттерімен Facebook желісінде бөліскен Светлана Дяденконы желі қолданушылары сабырға шақырды. Олардың айтуынша, бұл киттің немесе акуланың денесі болуы мүмкін.

Жағалаудан табылатын органикалық массаларды әдетте глобстер деп атайды. Киттер мен акулалардың денесі су ішінде ұзақ жүргендіктен, бұзылып-шіріп, алуан түрлі кейіпке енеді.

КамчатНИРО қызметкерлері де сондай қорытынды жасап, видеодағы құбыжықтың киттің өлі денесі екенін растады.

Канадада белгісіз құбыжық тұрғындардың зәресін алды — видео

Жаңалықтар
0