Видео

Үндістанда су тасқынынан 324 адам опат болды - видео

Жазылу
Үндістандағы Керала штатында осымен екі апта бойы топан су басып жатыр. Көшелер муссон нөсерлерінің салдарынан өзенге айналды. Табиғи апат туралы ресми түрде 8 тамызда хабарланған болатын

"Бұл 100 жылдағы ең жойқын су тасқыны. 324 адам қаза тапты, 223 мың азамат уақытша орналастыру лагерлеріне эвакуацияланды", —деп хабарлады Керала штатының министрлігі.

Атап өтсек, Үндістанда жаңбырлы мезгіл маусым айында басталып, қыркүйектің соңына дейін созылады.

Жапонияда алапат су тасқыны болды

Қытайды топан су басып жатыр — видео

Жаңалықтар
0