Видео

Полиция көлігі тротуарға шығып, адамдарды басып кетті - видео

Жазылу
Қызметке асығып бара жатқан полицейлер ірі жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан 7 адам зардап шеккен

көлігі көше қиылысында Audi көлігімен соқтығысып, полицейлер мінген көлік аударылып, тротуарда кетіп бара жатқан бірнеше адамды басып кетті.

Жол апаты Украинадағы Сумы қаласында болған. Оқиға куәгері апаттан кейінгі сәтті видеоға түсіріп алыпты.

Британия парламенті қасында адамдарды көлік басып кетті (видео)

Бастапқы деректерге сүйенсек, Toyota Prius қызметтік көлігі дыбыс сигналын қосып, бағдаршамның қызыл жарығына өтпек болады, бірақ Audi көлігі дер кезінде тоқтап үлгермей, патрульдік көлікті бір-ақ қағыпты. Бұл туралы УНИАН агенттігі облыстық полиция басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шегіп, ауруханаға түсті, тағы екі адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Зардап шеккендер орташа ауыр хәлде жатыр.

Полицейлер қарулы қылмыскерді тұтқынмен бірге атып тастады — видео


Жаңалықтар
0