Видео

Назарбаев "Әзірет Сұлтан" мешітінде болды – видео

Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Әзірет Сұлтан" мешітінде Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

"Қазақстанның барша мұсылман қауымын осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің барлық дұға-тілектеріңізді Алла қабыл етсін!" – деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, бұл күндері адамдар туған-туыстарына ақ тілегін арнап, игі істер жасауға тырысады.   

Қазақстан президентінің пайымынша, Құрбан айт мейрамы тек намаз оқып, құрбандық шалумен шектелмейді. Бұл күндері  тұрмысы төмен отбасыларға, жетімдерге, қарттар мен барлық мұқтаж жанға көмек қолын созу азаматтық парызымыз болмақ.    


Жаңалықтар
0