17:18 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
RUPTLY

Фотомодель Светлана Андреева күйік салдарынан денесінде қалып қойған жантүршігерлік тыртықтарды жұртқа көрсетуден жасқанбайды

Қыздың денесінің 50 пайызы күйіп қалған, балалық шағынан бері пайда болған қорқынышты тыртық енді оның айрықша белгісіне айналып отыр.

Төрт жасар кезінде қыз бала үйде жалғыз қалып, көйлегін тұтандырып алған. От әп-сәтте лап етіп, Света тірідей жана бастайды. Қайғылы оқиғадан кейін екі ай ауруханада комада жатыпты.

"Анам тері доноры болуға тиіс еді, бірақ келмеді, ішкілікке салынған болатын", — деп еске алады Светлана Андреева.

Модель өзіне шығармашылық псевдоним ойлап тауыпты — "шоқ". Жылдар бойы қатарлас балалардың мазағына ұшыраған Света өзін жақсы көруді, ерекше болмысын бағалауды үйренді.

Сүйген адамы оған алғаш рет: "Сен өзгелерге ұқсамайсың. Бұл керемет қой", — деп жігерлендірген көрінеді.

"Ең бастысы — үмітіңді үзбей, өз-өзіңе сенім білдіру", — дейді Светлана өз-өзін қабылдамайтын адамдарға.

Қазір де жас қыз танымал фотомодельге айналған.

Ыдыс жуатын сұйықтық ішіп қойған баланың анасы елден көмек сұрады

Тақырып бойынша

Үйдегі пештің жарылуынан күйіп қалған бала Кореяға емделуге кетті
Мектептегі жөндеу жұмысы кезінде мұғалім күйіп қалды
Жарылыстан күйіп қалған жүкті келіншектің күйеуі оқиғаның қалай болғанын айтты
Кілт сөздер:
видео, модель, күйік, бойжеткен
Загрузка...

Басты тақырып