Видео

Ресейде 164 жолаушы мінген ұшақ жана бастады – видео

Жазылу
"Ютэйр" әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағы Сочи әуежайына апатты жағдайда қону кезінде өртенді

Мәскеу-Сочи рейсін орындаған ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өзенге құлады. Соққыдан шассидің тіреуі сынып кетіп, қанатына зақым келді, одан кейін өрт шықты. Ұшақ бортында 164 жолаушы және алты экипаж мүшесі болған. 18 адам жарақат алды, ұшақта болғандардың ешқайсысы қаза болған жоқ. Алайда, жолаушыларды эвакуациялау кезінде әуежай қызметкері көз жұмды, оның қаза болу себебі әлі белгісіз.    


Жаңалықтар
0