Иесі қайтыс болғаннан кейін жануарлар қандай күй кешеді? Бұл мысық үй жануарларының да адам сияқты аза тұтатынын көрсетті.
Facebook-те Engin Yilmaz жариялаған видеоны бір аптаға толмайтын уақыт ішінде 36 миллион адам көрген.
Кадрларда сары мысық марқұм иесі түскен видеоны көріп отыр. Мысық бір сәтке экранға үңіліп қарайды да, тұмсығын смартфонға төсейді.
Ролик алғашқы күннен интернетте жылдам тарап, әртүрлі әлеуметтік желілерге салынды, қолданушылар мессенджер арқылы бір-біріне жолдап жатыр.
Пікірлерде бұл видеоның ең бір аянышты екенін айтып, мысықтың адалдығына таңғалып жатқандар бар, кейбір көңілшектер тіпті көзіне жас алыпты.