Видео

6 жасар бала көлікті сүйреп, рекорд орнатты – видео

Жазылу
Ақмола облысының Қажымұқан ауылында өткен шарада елордалық бүлдіршін автокөлікті жалғыз өзі 20 метр қашықтыққа сүйреп, рекорд орнатты

Фейсбукте 6 жасар баланың көлік сүйреп жатқан сәті түсірілген видео тарады. Оны желі қолданушысы Әмір Махмет өз парақшасында жариялаған. Видеоның астында жазылғандай, шара "Денсаулық күніне" орай қазақтың біртуар балуаны Қажымұқан Мұнайтпасовтың туған жерінде өткен. 

"6 жасар Бекмансұр жеңіл автокөлікті 20 метр қашықтыққа сүйреп, рекорд орнатты. Өзінің кішкентай болғанына қарамастан, Бекмансұр нағыз батыр. Ол мені өзінің ағасындай көріп, үнемі жақын тартып жүреді. Мен мұны мақтан тұтамын. Астанада тұратын жас батырдың алғашқы жеңісінің куәсі болу мен үшін, біздің ауылдың тұрғындары үшін зор мәртебе! Алға інім! Қанатың ешқашан талмасын! Қажымұқан атамыздай балуан бол!",- деп жазған Махмет өз парақшасында.


Жаңалықтар
0