Видео

Астанада қоқысты сатып ала бастады – картон мен пластикке қанша төлейді?

Жазылу
Астанада қоқыс қабылдайтын алғашқы эко-пункт ашылды. Елорда тұрғындары онда макулатура мен пластик бөтелкелерді өткізіп, азын-аулақ ақша таба алады. Sputnik тілшісі пунктке барып, қоқысқа қанша төленетінін біліп қайтты.

Кравцов 2/2 көшесіндегі шағын орынжайда жұмыс қызып жатыр: жаңа эко-пунктте қоқыс өлшенеді. Мұнда қоқыстың 11 түрі қабылданады.

Жерасты қоқыс контейнерлерін орнататын орындар анықталды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жерасты қоқыс контейнерлері орнатылады

Сұрыпталған картон, бөтелке, макулатураның бір килограмына үш теңгеден жүз теңгеге дейін символикалық ақы төленеді.

Болашақта мұдай пункттер Астананың тағы бірнеше ауданында ашылады.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары жаңашылдыққа қызығушылық танытып, бөтелке мен картон әкеліп өткізе бастады.

Қоқыстан қомақты ақша жинай алмасыңыз анық, есесіне әрбір адам қоршаған ортаны қорғауға үлес қоса алады. 


Жаңалықтар
0