08:09 16 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16

АҚШ-та ұйытқыған "Флоренс" дауылы кезінде адамға ұқсайтын жұмбақ сұлба бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Аңыз бойынша, бұл өңірді (АҚШ, Солтүстік Каролина жағалауы) "Сұр адамның" елесі кезеді. Елес табиғи апат алдында адамдарға төніп тұрған қауіп-қатер туралы ескертеді, деп хабарлайды The Sun.

Басылымның ақпаратынша, елес алғаш рет 1822 жылы пайда болған. Ел аузындағы әңгімеге сенсек, ол сүйіктісіне бара жатқан жолда суға батып өлген ер адамның әруағы. Осы трагедиядан кейін көп ұзамай марқұм сүйіктісіне келіп, оған қаладан тез арада кету керектігін ескерткен. Қыз оның кеңесіне құлақ асып, отбасымен бірге қоныс аударған. Осылайша бірнеше күннен кейін болған жойқын дауылдан аман қалған деседі.

Елес, әдетте, төтенше жағдай алдында пайда болады, ал оны көргендердің ажалдан аман қалуға мүмкіндігі бар көрінеді.

Видеодан кенеттен пирсте адамға ұқсайтын сұлбаның пайда болғанын байқауға болады. Бірнеше секундтан кейін елес көзден ғайып болды.

Соңғы деректерге сүйенсек, АҚШ-та соңғы аптада нөсер жауын мен су тасқыны салдарынан 37 адам өлген.

Тақырып бойынша

Меккеде қатты дауыл тұрды - видео
Дағыстандағы елес ауыл – квадрокоптер түсірген видео
Жол ережесін бұзбай көше кезіп жүрген сиырлар жұртты сүйсінтті
Ақтауды шаңды дауыл басып қалды
Шығыс Қазақстанда ірі бұршақ төпелеп жауды – видео
Кілт сөздер:
дауыл, отбасы, нөсер жауын, апат, су тасқыны, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып