Видео

"Сасық егеуқұйрық". МакГрегор ашық жаттығу кезінде Нурмагомедовке тіл тигізді - видео

Жазылу
UFC балуандары Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор алдағы жекпе-жек алдында өткен ашық жаттығу кезінде көз тартарлық айла-тәсілдер көрсетіп, қошеметке ие болды

Аралас жекпе-жек тарихындағы ең қызық кездесулердің бірі көпшіліктің сүйіктісіне айналған қос спортшының бір-бірін тілмен түйреп, арандатуының арқасында жұртшылықтың ерекше қызығушылығын туғызды.

Жаттығу кезінде қызуқанды ирландық дағыстандық қарсыласын тағы бір сыбап алды. Ал оның жанкүйерлері Нурмагамедов шыққан кезде ысқырып, наразылықтарын жасырмады. Ал Хабиб болса сыр білдірмей, жекпе-жектен кейін өзін жек көретіндердің жүрегін жаулап алатынын мәлімдеді.

Кездесу Астана уақыты бойынша 7 қазан күні таңертең болады.

Жаңалықтар
0