Видео

Зілзала екі ауданды тып-типыл етті: екі мыңға тарта адам өлді – видео

Жазылу
Индонезияның Палу қаласында екі аудан жермен-жексен болды. Апат ғарыштан видеоға түсірілді
Жапониядағы жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жапонияда жойқын жер сілкінісінен 16 адам ажал құшты

28 қыркүйекте Индонезия провинцияларының бірінде бірнеше рет жер сілкінісі болды. Табиғи апат топырақтың ығысуына себеп болды. Лай көшкіні ғимараттарды, көліктер мен ағаштарды жылдам ағызып әкетті. 

Жер сілкінісінен бірнеше мың адам қаза болды. Табиғи апаттан кейін он күн өткен соң, құтқарушылар үйінді астынан 1 793 адамның денесін шығарды. Бес мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті. 

Билік іздестіру жұмыстарын тоқтатпақшы, себебі құрбандар санының көп болуына байланысты жұқпалы аурулардың таралу қаупі туындаған. Марқұмдардың мәйіттері жатуы мүмкін аймақты жаппай жерлеу орындары деп жариялау ұсынылып отыр.   

Жаңалықтар
0