Видео

Қаршадай қыз көздің жауын алатын татуировка салады – видео

Жазылу
Бұл қыздың жасы небәрі 9-да, бірақ тату шебері ретінде танылып үлгерген. Кішкентай жапон бүлдіршіні Ноко Нишигаки татуировка салғанда ересектерден кем түспейді

Алғаш рет бұл өнерді алты жасында байқап көреді. Әкесі — Жапонияға әйгілі тату шебері болғандықтан, қызының бұл әуестігін қуана қабылдаған.

Тіпті алғашқы моделі де өзі болған, қыз бала алғашқы суреттерін әкесінің денесіне салыпты.

Ноко құстар салғанды жақсы көреді, бірақ еңбегі үшін ақы алмайды. Қазір отбасы Амстердамда тұрады екен, бүлдіршіннің өз клиенттері бар көрінеді.

Әкесінің деңгейіне әлі жете қойған жоқ, дегенмен Ноко небәрі тоғызда ғана, бар өмірі алда.

Жаңалықтар
0