Видео

Анасына ерген қонжық құздан құлады: оқиғаның соңын ешкім күтпеген еді - видео

Жазылу
Кішкентай қонжық анасының соңынан ермек болады, алайда қар жамылған құз басына шығу оңай болмады

Viralhog арнасында жарияланған видео Желіде жылдам таралып жатыр.

Бейнежазбада ұрғашы аю мен қонжығы қар жамылған биік құздың басына өрмелеп барады. Ересек аюға бұл ешқандай қиындық туғызбаса, ал қонжық анасына жету үшін біраз әуре-сарсаңға түсті.

Ол бірнеше рет талпынып, кенет төмен қарай сырғи жөнеледі, тіпті тастарға соғылып, өліп қала жаздаған. 

Соған қарамастан кішкентай жыртқыш берілмей, қайта жоғары өрмелеп, анасымен қауышты.

 

Жаңалықтар
0