22:07 19 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.06
  • EUR416.17
  • RUB5.56
Бейне

"Кей жерде әлі Кеңес Одағы". Аршавин Қазақстан туралы шындықты айтты

Қысқа сілтеме алу
353 0 0

Алматылық "Қайрат" клубының футболшысы Андрей Аршавин танымал блогер Евгений Савиннің сұрақтарына жауап берді

"Қайрат" клубының ойыншысы туралы бағдарлама Youtube желісіндегі "Красава" арнасында жарияланды. 

Савин спортшыдан Қазақстанға алғаш келгенде қандай күйде болғанын сұрады.

"Жағамды ұстадым дей алмаймын. Бірақ, кей алаңдар тіпті сұмдық жағдайда. Негізінен "кеңестік" алаңдар екені рас. "Кеңестік" қалалар бар. Алматы дамыған қала. Астана да заманауи қала. Оқжетпеске барған едік, ол жақта әлі Кеңес Одағы", — деп жауап берді Аршавин. 

Савин қазақтардың жақсы және жаман қасиеттерін атап беруді сұрады.

"Ұлтқа қарап кемсіту деген жоқ, меніңше, мұндай жайтты мүлдем кезіктірмейсің, өйткені әртүрлі ұлттар көп, бәрі өзін еркін сезінеді. Орыс тілі жақсы дамыған, қазақ тілінде сөйлемейтін болсаң, ешкім ренжітпейді", — дейді футболшы.

"Жаман қасиеттерге" келгенде Аршавин сөз тауып кетті.

"Қазақтарды қу халық деп айтып жатады, бірақ бұл ұлтына емес, адамның өзіне байланысты деп ойлаймын", — деп пікірін білдірді ол.

Сонымен бірге Евгений Аршавиннен спорттық карьерасын аяқтауы жайында сұраған. Футболшы мансабын аяқтайтынын жасырмаса да, әрі қарай не істейтіні туралы сауалға "білмеймін" деп жауап берді.

"Футболдан алыстамайсың ғой?" – деп сұрады Савин.

"Солай шығар", — деп жауап берді Аршавин.

Тақырып бойынша

Аршавин "Барселонада" ойнайтын болды
"Әңгіме көбейіп кетті". Аршавин өзі туралы қауесет таратып жүргендерді анықтамақ
Андрей Аршавин "Қайратпен" келісімшартын ұзартты
Кілт сөздер:
видео, сұхбат, футбол, "Қайрат" футбол клубы, Андрей Аршавин
Загрузка...

Басты тақырыптар