Видео

Астанада жаңажылдық мерекеде қорқынышты клоун балалардың зәресін алды – видео

Жазылу
Астанада өткен шыршада Пеннивайз клоуны балалардың ғана емес, үлкендердің де зәре-құтын қашырған.

Балалар шыршасында түсірілген видеоны Facebook желісіндегі парақшасында Bibinur Moonart есімді қолданушы жариялады. 

Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, ертегі секілді мерекеде бұл қорқынышты персонаж болады деп ешкім ойламаған. Шыршаға келген балалар клоуннан кәдімгідей қорқып қалған. 

Түнгі мезгіл, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Үрейі ұшқан отбасы аязда жалаңаяқ далаға жүгірді – қорқынышты видео
Мереке ұйымдастырушыларының бұл таңдауын Facebook қолданушылары сөгіп тастады. Олар бұл қорқынышты клоунның балалардың мейрамында не істеп жүргенін түсінбей дал. 

"Сұмдық", — деп жазды Айнұр Бакиева.

"Естері дұрыс па? Шыршаға бұл персонажды шақыруға бола ма екен? Балалардың бірі қатты қорқып, жылап жіберсе ше?", — деп жазды Ai Nur деген қолданушы. 

"Қараудың өзі қорқынышты", — дейді Жанар Үңгітбаева. 

Әзірге ұйымдастырушылар жаңажылдық ертегіде қорқынышты клоунның не істеп жүргенін түсіндірген жоқ. 

Жаңалықтар
0