07:15 18 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.94
  • EUR433.50
  • RUB6.10
Видео

Денис Тенді өлтіргендер үкімді естігенде қандай күйде болды - видео

Қысқа сілтеме алу
Денис Теннің қазасы (101)
2822 0 0
© Sputnik . Тимур Батыршин

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталғандардың бірі Арман Құдайбергенов үкім шыққан соң көзіне жас алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан

Арман Құдайбергенов пен Нуралы Қиясова 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Жанар Толыбаева 4 жылға сотталды.

Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлағандай, үкім шығып, оқылғаннан кейін сот отырысына жиналғандар біртіндеп тарқай бастады, қарауылшылар жақындай бергенде Құдайбергенов көзіне жас алған. О баста Денис Тенге пышақ салған жоқпын деп айтып келгендіктен, мұндай қатал үкімді күтпеген сыңайлы.

Нұралы Қиясов үкімді сабырлы күйде қабылдады.

Жүктіліктің жетінші айындағы Жанар Толыбаева судья үкімді оқыған кезде жылап жіберді.

Үш сотталушы да сот процесі басталғалы бері өздерін фото немесе видеоға түсіруге рұқсат бермеген.

Денис Теннің ата-анасы да фото және видео түсірілімдерге қарсы болып, өтініш білдірді.

Денис Тенге пышақ салған кім?

Сот тыңдауы кезінде мәнерлеп сырғанаушы қазасының мән-жайы анықталды. Денис ұрыларды байқап қалғанда, Арман Құдайбергенов айналарды шешіп алып, қаша жөнелген. Спортшы оны қуып жетіп, екеуі арпалыса жөнеледі. Құдайбергенов Дениске күші жетпегенін сотта айтып мойындады. Сол кезде Нұралы Қиясов жандарына жүгіріп барып, мәнерлеп Теннің санына пышақ сұғып алған.

Қиясов Денис Тенді өлтіруді жоспарламағанын, тек қорқытқысы келгенін мәлімдеді. Мәнерлеп сырғанаушының ажалына себеп болған пышақ жарақатын салған Қиясов еді.

Жанар Толыбаева қылмыс орнында болып, ұрлықты көзімен көрген. Ол қылмыс жайында хабарламағаны үшін сотталды.

Денис Теннің өлімі

Олимпиада-2014 қола жүлдегері Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматы орталығында көз жұмды. Ол 25 жаста болатын.

Ата-анасы Денис Теннің жобаларын жалғастыратын қоғамдық қор құрды.

Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)

Тақырып бойынша

Денис Теннің өлімі: прокурор күдіктілерді 20 жылға соттауды сұрады
"Тапсырыс емес, тағдыр" — сотталушы Денис Теннің қазасы туралы
Денис Тен қашуды ойлаған да жоқ: күдікті спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді
Денис Теннің өліміне күдікті кінәсін мойындады
Денис Теннің өліміне қатысты сот: күдіктілердің біріне жедел жәрдем көмегі қажет болды
Денис Теннің ісі: сотталушы әйел полицейдің соққыға жыққанын мәлімдеді
Денис Теннің өліміне күдіктінің ағасы сотта жауап беруден бас тартты
Кілт сөздер:
жаза, үкім, сот, Жанар Толыбаева, Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов, Денис Тен
Загрузка...

Басты тақырып