15:28 22 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.05
  • EUR428.25
  • RUB5.84
Видео

Димаш әлемдік деңгейдегі қандай композиторлармен жұмыс істейтінін айтты

Қысқа сілтеме алу
Димаштың жұлдызды жолы (120)
87410
© Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алдағы жоспарларымен бөлісіп, әлемге танымал қандай композиторлармен жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Димаш Құдайберген әр әнші үшін жақсы композиторлармен жұмыс істеу өте маңызды екенін атап өтті. 

"Менің мансабымда, шығармашылық өмірімде жақсы композиторлар кездесіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Солардың ішінде бірі және бірегейі Игорь Крутой. Қазіргі таңда біз сол ағамызбен жақсы музыкалық тандем болып жүрміз. Ол кісінің кәсіби тұрғыда біліктілігі туралы, музыкадағы білімі туралы ұзақ әңгіме қозғауға болады. Өйткені ол өте сауатты, өте керемет композитор. Паваротти, Бочелли, Лара Фабиан, Дмитрий Хворостовский, Чо Суми секілді әлемдік жұлдыздармен жұмыс істейді", — деді Астанада өткен брифингте. 

Димаш Игорь Крутойдың бірнеше туындысы өз репертуарына енгенін айтты. 

"Титаник әнімен жұмыс істеген Уолтер Афанасьефф та тамаша композитор, екі дүркін Грэмми иегері. Сол кісімен шығармашылық қарым-қатынастамыз", — деді әнші. 

Ол тыңдармандарына толыққанды піскен, дайын нәрсені ұсынғысы келетінін айтты. 

"Мен өзіне немқұрайлы қарай алмайтын музыканттар қатарынан болғандықтан, әр әнді шығармас бұрын жүз ойланып, мың толғанам. Ал менің сахнада орындап жүрген әндерім тек композитордың емес, менің де жүрегімнен өткен әндер. Ал енді ондай әндерді бірден кезіктіру өте қиынға соғады. Ондай әндерді іздеу үстіндемін, қазір жазылып жатыр", — деді әнші. 

Осы орайда, Димаш алдағы жоспарларына да тоқталды. 

"Жақын арада менің ең алғашқы альбомым жарық көреді. Қазақ ырымшыл халық қой, алда болатын мақсаттарды жайып салғанды жөн көрмейміз. Дегенмен, айтып өтейін, Игорь ағамыз орындап жүрген "Любовь уставших лебедей" әніне жуырда бейнебаян түсіреміз. Одан кейін Америкадағы композиторлардың тамаша әндеріне бейнебаян түсіргелі жатырмыз", — деді қазақстандық жұлдыз.

Тақырып:
Димаштың жұлдызды жолы (120)

Тақырып бойынша

Димаш Құдайберген тыңдармандары біле бермейтін кемшіліктері туралы айтты
Халық әртісі Мақпал Жүнісова Димаш туралы не ойлайтынын айтты
Қырғыздың халық әртісі Димаш Құдайберген туралы не ойлайтынын айтты
Мұхамеджанов: Димаш қытайлардың қазақтар туралы пікірін өзгертті
Байбек Димаш Құдайберген мен Қанат Исламға үндеу жолдады
Кілт сөздер:
бейнебаян, әнші, Игорь Крутой, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып